Бүгін " Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебін» КММ «Заң және тәртіп» айлығы аясында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес АІІБ қызметкерлерінің қатысуымен Бірыңғай қауіпсіздік сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру және қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту.
Кездесу барысында полиция өкілдері келесі маңызды тақырыптарды талқылады:
• есірткіге қарсы профилактика және нашақорлықтың алдын алу, оның денсаулыққа зияны, әлеуметтік зардаптары және заң алдындағы жауапкершілік;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және адал мінез-құлық қағидалары, әділдік, шыншылдық және азаматтық жауапкершілік ұғымдары.





