Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік жоспар аясында “Кітап – білім бұлағы” зияткерлік күніне орай оқушылар арасында “Өз комиксіңді жаса” тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
"Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде "мектепалды сыныпбында "Құстар біздің досымыз!"атты сынып сағаты өтті. Құстар – біздің табиғаттағы жақын достарымыз. Олар ағаштарды зиянкестерден қорғайды, егіннің жақсы өсуіне көмектеседі. Құстардың сайраған дауысы адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Қыста оларға жем беріп, ұя жасап көмектесу – әр адамның парызы. Құстарды аялау арқылы біз табиғатты да қорғаймыз.
2026 жылдың 15 сәуір күні мектеп кітапханасында “Балалар әдебиеті-рухани тәрбие бастауы” онкүндігі аясында 3-сынып оқушыларының қатысуымен театр және кітап айдарында «Бауырсақ» ертегісін қуыршақ театр форматында сахналап қойды
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ-нің білім беру ұйымдарында қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға, білім алушылардың өзін-өзі жағымды қабылдауы мен өмірге деген құндылық қатынасын қалыптастыруға, өміршеңдікті, эмоционалдық тұрақтылықты және стресстік әрі қиын өмірлік жағдайларды сындарлы жеңу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ психологиялық сауаттылық пен өзін-өзі қолдау мәдениеті деңгейін арттыруға бағытталған «Сенімділік пен әл-ауқат аумағы» тақырыбындағы іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде білім алушылар үшін «Мен сені сүйемін, өмір!» тақырыбында тренингтер өткізілді.
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жақсылық пен жамандық» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтардың маңызын түсініп, жаман әдеттер мен теріс әрекеттерден аулақ болу қажеттігін талқылады. Әртүрлі тапсырмалар, пікірталастар мен көріністер арқылы оқушылар жақсылық пен жамандықтың ара-жігін ажыратып, өз ойларын ортаға салды. Шара соңында оқушылар адалдықты ту етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын саналы азамат болуға үндеді.
Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру сақтыққа тәрбиелеу мақсатында қауіпсіздік сабақтары өтеді.
Мектебімізде 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 2 сыныптар арасында «Көңілді старт» спорттық іс-шарасы өтті