Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Кожабергена жырау»
Официальный интернет-ресурс

«Шекарасыз ғылым»

🪐💫🚀Ғарыш күніне орай «Шекарасыз ғылым» атты викториналық сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту болды. Сайыс барысында қатысушылар астрономия, физика және ғарыш зерттеулері тақырыптарында сұрақтарға жауап беріп, өздерінің тапқырлығы мен білімдерін көрсетті. Қызықты әрі тартысты өткен додада командалар белсенділік танытып, жоғары деңгейде дайындалғандарын дәлелдеді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Осындай шаралар жас ұрпақты ғылымға баулып, олардың болашаққа деген қызығушылығын арттыра түседі.