2025 жылдың 8 қыркүйек психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі «Ізгі істер гирляндасы» атты әлеуметтік акция өткізді. Бұл шара оқушылардың өзара қолдау мәдениетін қалыптастыруға және эмпатия сезімін дамытуға бағытталды. Балалар бір-біріне ізгі тілектерін жазып, оларды арнайы дайындалған гирляндаға ілді.
Бүгін мектебімізде 5 қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған апталықтың ашылуы салтанатты ұйымдастырылды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай жоспарланған іс-шара оқушылардың қызығушылығын арттырды. Оқушылар "Ананың тілі" әнін сүйсініп орындап, тіл туралы мақал- мәтелдерді жатқа айтты. Іс-шара жоспары таныстырылып, барлық оқушыға тәтті, дәмді бауырсақ үлестірілді. Тіліміздің тұғыры мықты болсын!