Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу мақсатында 25 қараша күні мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына аудандық аурухана дәрігер-наркологімен нашақорлықтың зияны мен оның адам өміріне тигізетін қауіп-қатерін түсіндіруге бағытталған «Сақ болыңыз нашақорлық!» атты ақпараттық сағат өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға нашақорлықтың адам ағзасына тигізетін зиянын түсіндіріп, нашақорлықтың алдын-алу мақсатында, бейнематериалдар көрсетіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, нарколог жастар арасында қоғам дертіне айналған электронды темекінің зиянын түсіндіріп, оқушыларды электронды темекіні пайдаланбауға шақырды.





