1 – сәуір М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ашық есік күні өтті. Осы іс шараға мектебіміздің 11- сынып оқушылары қатысты. Іс шара барысында оқушыларға университеттің оқу бағдарламаларымен таныстырды. Әр мамандық бойынша үлкен көрмелер қойылып өз кәсіптерінің қыр сырымен таныстырды. Заманауи үлгідегі зертханаларға саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында оқушылар жаңа құрылғыларды өз көздерімен көріп, қалай дұрыс пайдалану керектігімен танысты. Оқушыларға көптеген мүмкіндік жасалып тұрғаны туралы айтылды. Жас талапкерлердің ойында жүрген көптеген сұрақтарға жауан алынып, пайдалы кеңестер берілді. Кездесу жақсы көңіл күйде өтті. Көп мәлімет берілді.





