Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Кожабергена жырау»
Официальный интернет-ресурс

«Квест» ойыны

Бүгін, 03.02.2026 жылы, «Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 8 «А», 8 «Ә» сынып оқушыларымен «Квест» ойыны ұйымдастырылды. Ойын бірнеше кезеңнен тұрды. Әр кезеңде оқушылар математика, физика және жаратылыстану пәндері бойынша білімдерін көрсете отырып, түрлі логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындады. Іс-шара соңында қорытынды шығарылып, үздік нәтиже көрсеткен команда марапатталды. Аталған «Квест» ойыны оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, оқу үдерісіне деген қызығушылықтарын нығайтуға оң әсерін тигізді.