Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Кожабергена жырау»
Официальный интернет-ресурс
Қауіпсіздік — ортақ міндет!

Қауіпсіздік — ортақ міндет!

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсаны күні СҚО ПД Жамбыл ауданы Пресновка полиция бөлімінің аға лейтенанты Бакеев К.К Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117-бұйрығы негізінде «Терроризмге қарсы күрес» тақырыбында мектеп ұжымына, қызметкерлерге, мектеп күзеттеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы бұйрықтан туындайтын міндеттерді орындау, атап айтқанда, білім беру ұйымындағы қауіпсіздік шараларын күшейту, терроризмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, төтенше жағдайлар кезінде іс-қимыл тәртібін сақтау және терроризм қаупі туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру басты мақсатымыз.
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында мектептің жауапты тұлғалары мен күзет қызметкерлеріне терроризм және экстремизм көріністерінің алдын алу жолдары, күдікті тұлғалар мен заттар анықталған жағдайда қандай шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде нақты нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар, бейнебақылау жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету, мектеп аумағына бөгде адамдардың кіруін шектеу және оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мәселелері талқыланды. Тақырыпқа байланысты жадынамалар таратылып, оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігіне баса назар аударылды.