Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Кожабергена жырау»
Официальный интернет-ресурс

«Ақ бата – асыл мұра» тақырыбында бата оқу сайысы

Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесіне орай Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сыныптар арасында «Ақ бата – асыл мұра» тақырыбында бата оқу сайысы ұйымдастырылды.
Бұл сайыстың басты мақсаты – ата-бабамыздан келе жатқан батаның мәні мен маңызын насихаттау, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу және жас ұрпақтың рухани құндылықтарға деген құрметін арттыру. Бата – халқымыздың ақ тілегі мен ізгі ниетінің көрінісі, үлкендердің даналығы мен тәрбиесінің белгісі. Сондықтан да ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұра болып саналады.
Сайыс барысында оқушылар сахнаға шығып, өздерінің жаттаған баталарын мәнерлеп айтып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Қатысушылар батаның тәрбиелік мәнін терең түсініп, ұлттық дәстүрімізді дәріптей білді.
Сайыс қорытындысы бойынша І орын алған оқушылар:
1 «А» сынып оқушысы Дулат Махамбет,
2 «А» сынып оқушылары Амантай Айбар, Серік Расул,
4 «А» сынып оқушысы Адақ Алдияр,
4 «Ә» сынып оқушысы Баязит Дияр.
Аталған оқушылар аудандық бата оқу сайысына жолдама алып, қатысуға жіберілді.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне, салт-дәстүрді ұмытпай, оны болашаққа жеткізуіне үлкен үлес қосады. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және аудандық сайысқа қатысатын оқушыларымызға сәттілік тілейміз!