Жамбыл ауданының салық басқармасының қызметкерлері оқышыларға «Салық және оның түрлері» атты бейнеролик көрсетті. Бейнероликте салықтың мемлекет бюджетіне түсетін табыс көзі екендігі, оның түрлері мен маңызы туралы нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар бейнероликті қызығушылықпен қарап, кейін сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану, насихаттау, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік рәміздер-ел мәртебесі» тақырыбында танымдық сағаты өтті.
Бүгін ППҚ қызметі, Психикалық - денсаулық онкүндігі аясында, оқушылармен "Мен қауіпсіз жердемін, мені түсінеді, және мен жалғыз емеспін”тақырыбында ашық есік өткізді. Мақсаты: Оқушылар арасында сенімділікті,эмоциялық жайлылық пен өзара түсіністікті қалыптастыруға ықпал етуге арналған жеке және топтық кеңестер өткізілді.