«Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жүлделі орындар алған оқушыларды марапаттау

2025 оқу жылы ауыл олимпиадасының облыстық кезеңі қорытындысы мен жеңімпаздары анықталды. Нақтылай кетсек ауыл олимпиадасының қорытындысы## бойынша Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беру мектебінің де білім үздіктері анықталды.
Олимпиада ауыл мектептерінің талантты оқушыларына өз білімін сынға салып, қабілетін танытуға тамаша мүмкіндік берді. Ауыл олимпиадасы — бұл тек білім сайысы емес, ол — еңбекқорлықтың, ізденістің және ауылға деген сүйіспеншіліктің көрінісі.
Олимпиаданың маңызы ауылдық жерде білім сапасын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау — олимпиаданың басты мақсаты болып табылады .Биылғы жарысқа қатысушылар санының артуы ауыл жастарының білімге деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетті.
Жарыс бірнеше пән: математика, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, ағылшын тілі және жаратылыстану бағыты бойынша өткізілді. Әрбір қатысушы өзінің дайындығы мен табандылығын көрсете білді. Бүгін біз өз еңбегімен үздік шыққан дарынды оқушыларды марапаттау рәсіміне куә болдық.
Білім үздіктері:
II орын иегері:– Баязит Алия 11 сынып оқушысы; жетекшісі- Едигенов Орал Хамитович
III орын иегерлері:
– Аткельтирова Сабрина 11 сынып оқушысы; жетекшісі–Жолмуханова Гульнаш Сапаровна
- Сансызбаева Жанна 10 сынып оқушысы; жетекшісі- Жанмуханова Гульнар Каукановна
- Сарсен Мөлдір 9 сынып оқушысы; жетекшісі- Макжанова Анар Кинжебулатовна
- Тортай Асылжан 11 сынып оқушысы; жетекшісі- Макжанова Анар Кинжебулатовна
- Мусабаева Райхан 9 сынып оқушысы жетекшісі- Касенова Жазира Оразаевна
Жеңімпаздар арнайы грамоталар, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қорыта келе ауыл олимпиадасы жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттырып, болашағына бағыт-бағдар беретін маңызды шаралардың бірі екені сөзсіз. Барлық қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы уақытта да Республикада үлкен белестерді бағындыруларына тілектеспіз!💐💐💐