16 наурыз – Шаңырақ күні, Наурыз мейрамы аясында отбасы құндылықтарын дәріптейтін күн. Осы күнге орай “Мерейлі отбасы”** атты отбасылық фотокөрме өтті 

Іс-шара 3–4 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Оқушылар өз отбасыларымен түскен ең әсерлі, ең бақытты сәттерін бейнелейтін фотосуреттерін ұсынып, көрмеге белсене қатысты. Әрбір суреттен отбасының жылулығы, сыйластығы мен бірлігі сезіліп тұрды 
Бұл фотокөрменің басты мақсаты – оқушыларға отбасының қадірін түсіндіру, ата-анаға деген құрметті арттыру және отбасы құндылықтарын насихаттау.
Осындай мағыналы шараға белсенді қатысқан барлық оқушылар мен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!





