«Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«Құтқарушы күнделігі»

2026 жылдың 12 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен мемлекеттік органдардың бастамасымен қолға алынған «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету жоспарына сәйкес мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары Жамбыл ауданы Пресновка ауылының № 11 өрт сөндіру бөлімінде «Құтқарушы күнделігі» тақырыбындағы экскурсиясына қатысты.
Іс-шара барысында оқушыларға авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде қолданылатын жабдықтар мен құралдар ұсынылды.
Оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығы, күнделікті өмірдегі қауіпсіздік принциптері және кәсіби өрт сөндірушілер мен құтқарушылар басқаларды құтқару үшін өз өмірлерін қатерге тігуге дайын екендігі туралы айтылды.