«Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«Қаржылық жауапкершілік»

2025 жылғы 9 қаңтар күні «Қаржылық жауапкершілік» ата-аналарды қолдау орталығының (АҚО) қызметі аясында ата-аналарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша дәріс өтті. Жиналыста ата-аналарға қаржылық сауаттылық не үшін керек? Өз қаржыларын басқару принциптерін ұстану, ақшаға дұрыс көзқарас жайлы ақпарат берілді. Дәріс еркін сұхбат түрінде өтті, ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірге қажетті практикалық кеңестер алды. Мұндай іс-шаралар отбасылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және қаржыға деген жауапты көзқарасты қалыптастыруға септігін тигізеді.