«Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

📚"Қалың қалай оқулық?

Мектеп парламенті ұйымдастырған рейд барысында оқушылардың оқулықтарының жағдайы тексерілді."Қалың қалай оқулық"
Мектебімізде оқушылардың оқулықтарының сақталуын бақылау және ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу мақсатында «Қалың қалай, оқулық?» тақырыбында мектеп парламенті ұйымдастырған рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында сыныптар араланып, оқушылардың оқулықтарының сыртқы жағдайы, қапталуы, тазалығы, жыртылу немесе бүліну деңгейі тексерілді. Сонымен қатар оқулықтарды уақытында алып жүруі мен дұрыс сақтауы назарға алынды.
Тексеру нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі оқулықтарын ұқыпты ұстайтыны анықталды. Кейбір оқушылардың оқулықтарында қаптың болмауы, беттерінің бүктелуі және ұсақ жыртылулар байқалды. Аталған кемшіліктер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқулықтарды күтіп ұстау ережелері еске салынды.