«Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«Білімді оқушы ел ертеңі»

Қаңтардың 28-і күні «Білім басы бастауышта қаланар,
Білімменен әлемге жол салынар» атты бастауыш апталығында
««Білімді оқушы ел ертеңі» атты бастауыш сынып оқушылар арасында интеллектуалды сайыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың пәндер бойынша білімдерін пысықтау, логикалық шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Оқушылар кезең -кезеңмен сайысқа жарыса қатысты. Оқушылар пән бойынша білімдерін көрсете білді. Ұяшықтан сан таңдап, берілген сұраққа жауабын айтып пән бойынша білімдерін пысықтады. Математикалық жұмбақтар шешіп логикалық ойларын дамытты .
1-кезең «Таныстыру»
2-кезең «Бәйге» (сұрақ-жауап)
3-кезең «Ұшқыр ой» (математикалық жұмбақ)
4-кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
5-кезең «Кім көп біледі?»
Оқушылар сайысқа белсене қатысып , өз білімдерін көрсете білді.Сайыс соңында жеңімпаздар әр түрлі номинациялар бойынша марапатталып сыйлықтар ұсынылды.